ЖИТС орталығының мамандары қайырымдылық айлығы шегінде АИТВ/ЖИТС мәселелері және профилактикасы бойынша тұрғындарды ақпараттандыру іс-шараларын жалғастыруда.
ЖИТС орталығының мамандары қайырымдылық айлығы шегінде АИТВ/ЖИТС мәселелері және профилактикасы бойынша тұрғындарды ақпараттандыру іс-шараларын жалғастыруда. 16.11.2015ж. дәрігерлер қаланың «Астықжан-2» супермаркетінің қызметкерлеріне «АИТВ/ЖИТС дегеніміз не? АИТВ жұқпасының берілу жолдары. Қала бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыптарына дәріс өткізді.
Дәріс үстінде қалалық ЖИТС орталығының мамандары жұмысшылардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық кітапшалар мен жеке қорғаныс құралдарын (мүшеқаптар) таратты. Дәріске 53 адам қатысты.