IMG 00202016 жылы 31 наурызда Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Білім басқармасымен бірлесіп «Білім беру мекемелерінде АИТВ-жұқпасының бастапқы алдын алу жұмыстары» атты мектеп және арнайы-орта оқу орындарының басшылығының қатысуымен отырыс өткізді.

Астана қаласында АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, 15-19 жас аралығындағы жастар арасында АИТВ-ның таралу факторлары мен берілу жолдары туралы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі І. Аймағамбетова, ал жастар арасында АИТВ жұқпасының мәселелерінің басым бағыттары бойынша, алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру тақырыбында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Қ. Күзембаева баяндап берді. Педагог А. Нұрмағамбетова «АИТВ/ЖИТС бойынша тәжірибелік жұмыс. Оқытудың интерактивті түрі» тақырыбында сөз сөйледі.
Ұстаздар мен дәрігерлер оқушылардың адамгершілік-жыныстық тәрбиенің, сондай-ақ қазіргі замандағы жасөспірімдердің әлеуметтік тәртібінің аспектілерімен байланысты проблемалық мәселелерді қарастырды.
ЖИТС орталығының мамандары оқушылар ұжымы – АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық, атап айтқанда білім беру ұйымдары арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпаққа АИТВ жұқпасын жұқтырудың барлық мүмкіндіктері мен одан қорғанудың жолдарын білу туралы қызметті ұсынудың таптырмайтын жолдарының бірі. Дәрігерлер өз тарапынан жоғарғы сынып пен колледж оқушылары үшін интерактивті білім беру тренингтерін өткізу бойынша ұстаздарды оқытуға дайын екендігін білдірді.
Отырыс соңында барлық қатысушыларға АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша әдістемелік құралдары таратылды.

 IMG 0020

IMG 0011

 

IMG 0016