2016 жылы 17,25,28,30 наурызда және 1 сәуірде ЖИТС орталығының мамандары Мауленбергенова С.Р. мен Арыстанбекова К.Б Сарыарка, Алматы және Есіл аудандарының Астана «Зеленстрой» АҚ ұйымының басшылары мен жұмысшылары арасында Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ жұқпасының алдын алу жайлы семинарлар өткізді.
Жұмысшылар мен клиенттерге ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар), жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Семинарға 135 адам қатысты.