2016 жылы 1 және 4 сәуірде ЖИТС орталығының мамандары С.Р. Мауленбергенова мен К.Б. Арыстанбекова «Аружан» сауда және ойын сауық орталығының әкімшілігі мен қызметкерлеріне «АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында тыңдаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Іс-шара соңында ақпараттық-оқу және жеке қорғаныс құралдары таратылды.