DSCN07412016-2019 жылдарға жоспарланған Еліміздегі салауатты өмір салтын нығайтуға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының негізінде Астана қалалық СПИДке қарсы күрес орталығы мен Назарбаев атындағы Университеті арасында әріптестік меморандум жасалды. 

 

Меморандумның мақсаты, вирустық инфекциялардың генетикалық эпидемиологиясы және АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық мониторинг деректер пайдалану, зерттеу үшін ұлттық бағдарламасының саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Шара барысында сарапшы-мамандар болашақта аталмыш жұқпаны екі жақты терең зерттейтіндерін, зерттеу нәтижесінде аурудың молекулярлық- генетикалық деңгейін, сондай-ақ жұқпаның қаламыздағы таралу себептерін, жұғу жолдарын, науқастың ауруға қай уақыттан бері шалдыққанын анықтау жолдарында тәжірибелерімен бөлісіп, АИТВ індетін жұқтырған науқастардың ретровирусқа қарсы емдеудің тиімділігіне мониторинг жүргізу мүмкіндігіне ие болатындарын атап айтты. Мамандар, бұл екі жақты қағазға қол қоюмен аяқталмайтынын, алдағы уақытта бірлесе атқарған жұмыс нәтижесінде қатерлі дертті қоғамнан мүлде жойып жібермесек те жұғу жолдарының алдын алуға мүмкіндіктерінің мол екенін атап көрсетті.
Қаламызда алғаш тіркелгеннен бүгінгі күнге дейін АИТВ жұқпасымен 1066 науқас ресми тізімге алынған. Өткен үш айдың қорытындысы бойынша 46 жаңадан жұқтырған науқас тіркелуде. Бір өкініштісі соңғы уақыттарда аурудың жыныстық жолмен жұғуы басымдық танытуда. Және де қатерлі дерттке шалдығушылардың дені 20 – 39 жас жастар. Оған себеп жастарымыздың денсаулығына салғырттықпен қарап, бей-берекет жыныстық қатынасқа түсуі. Орталық мамандарына көп жағдайда науқастың аталмыш ауруға қайда, қашан, қалай шалдыққанын анықтау қиындық тудырып жатады. Осы тұрғысынан бүгінгі меморандум жасасып отырған оқу орнының сарапшыларының тигізер көмегі көп деп ойлаймыз. Болашақта екі жақты оң нәтижеге қол жеткіземіз...

 DSCN0741IMG 20160407 160640IMG 20160407 160724