yar12016 жылғы 9 маусымда «Оқушылар сарайында» өткізілген «Колледж түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» атты жалпы қалалық ісшарада ЖИТС ҚО мамандары кәсіпкерлер палатасы мамандарымен бірлесіп, Астана қаласының 34 колледжінің түлектері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөнінде акция өткізді.

Іс-шара бойында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Ж.Айтмағанбетқызы мен дәрігер-эпидемиолог Д.Т. Бексултанова жастармен бірігіп, АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша әңгімелесу өткізді. Сондай-ақ АИТВ-ға жедел-тексеруден өту ұйымдастырылды. Ісшараға жалпы 2500 адам қатысып, 200 адам тестілеуден өтті. 500-ге жуық ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Акция кәсіпкерлер палатасы мен Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бірлескен жоспары аясында жүргізілді.

 yar2

 yar3