IMG 2764

21.06.2016 ж.Астана қаласының ЖИТС орталығы Астана қаласының кәсіпкерлер палатасымен және жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп «жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» атты жалпы қалалық іс-шарада акция өткізді.

Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, кәсіпкерлер палатасы және жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлескен жоспар аясында 2016 жылы 21 маусымда «Армада» СҮ өткізілген «жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» атты жалпы қалалық іс-шарада ЖИТС ҚО мамандары Астана қаласының жұмыссыз азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөнінде акция өткізді. Іс-шара бойында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Ж.Айтмағанбетқызы АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша әңгімелесу өткізді. Сондай-ақ АИТВ-ға жедел-тексеруден өту ұйымдастырылды. Іс-шараға жалпы 380 адам қатысты, АИТВ-инфекциясына өз еркімен тестіден өтуді алғашқылардың бірі болып жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшылығы және кәсіпкерлер бастап берді, соның ішінде 50-ден аса адам тестілеуден өтті. 300-ге жуық ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. «Вечерняя Астана» газетіне және «bnews» интернет-порталына акцияның мақсаты жөнінде сұхбат берілді.

 IMG 2755


 IMG 2753