NCPT22016 жылғы 29 маусымда ЖИТС ҚО конференц-залында ҚР ДСӘДМ "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК мамандары дәрігер-эпидемиолог Г.Е. Айтуганованың, дәрігер-эпидемиолог және ДКЖБ меңгерушісі С.В.Скорикованың қатысуымен трансфузиологияның инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

«Тұрғындар, оның ішінде ҚР мен Атана қ. донорлары арасындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай» және «АИТВ-инфекциясының трансфузиялық жолмен берілуінің алдын алудың өзекті мәселелері» баяндамасымен   ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Б.И. Бапенова сөз сөйледі. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының дәрігер-эпидемиологы Г.Е. Айтуганова трансфузионды терапияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндады.
Дөңгелек үстелде қан қызметінің және ЖИТС қызметінің проблемалық мәселелері мен қатар оларды шешу жолдары қарастырылды. Отырыс соңында АИТВ-инфекциясын гемотрансфузионды жолмен жұқтырудың алдын алу бойынша одан әрі бірлескен жұмыс туралы шешім қабылданды.

NCPT3

NPCT1