medsov12016 жылы 29 шілдеде Астана қаласының ЖИТС орталығында 2016 жылдың жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша Медициналық кеңес өтті.

Медициналық кеңес отырысында бөлім меңгерушілері мен дәрігерлер өткен жартыжылдықпен салыстырып, баяндамалармен сөз сөйлеп, жұмыс сапасына талқылау жүргізді.
Отырыста Астана қаласының пенитенциарлық мекемелерінде АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алуы, «АИТВ жұқпасы және туберкулез бойынша бағдарламалар интеграциясы туралы» бұйрығын орындау және RDC  әдісі арқылы ИЕТ арасында ШЭҚ өткізуінің алдын ала қорытындысы тақырыптары айтылды.
Отырыс соңында АИТВ-ның алдын алуы, емі және таралуының болдырмауына бағытталған мәселелер мен оның шешу жолдары талқыланды.

medsov3

 

 medsov2