Астана қаласының ЖИТС орталығы, инновациялық технологияларды жүзеге асыру аясында, антиретровирустық препаратарды уақтылы қабылдау, АИТВ жұқпасы бар пациенттердің емінің тиімділігін жоғарылату және қабылдауын сақтап қалу, сонымен бірге дәрі-дәрмектерді қабылдағанда ыңғайсыздықты төмендету мақсатында, пациенттерді таймерлі дәрі салғыштарымен қамтамасыз етті.
Дәрі салғышта АРВ-препараттарды жинақы сақтауға арналған ұяшықтар, кері санақ таймері және дыбыстық сигнал қарастырылған, оның өлшемі жинақы, әсіресе, егер күніне бірнеше препараттар қабылдаса, өзімен бірге алуға ыңғайлы болып келеді.
Бұл гаджет науқастарға кез келген жерде дәрі-дәрмектерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ кірістірілген таймер дәрі-дәрмектерді қабылдау туралы бір немесе қажет болған жағдайда бірнеше рет есіңізге салып тұрады. Бұл кезеңде дәрі салғыштармен 100 адамды қамтамасыз етілуі жоспарланып тұр, болашақта АРТ қабылдайтын әр науқасқа осындай құрылғы ұсынылатын болады.