Sem OLPP2016 жылы 27 қыркүйекте Астана қаласының ЖИТС орталығында «АИТВ жұқпасына тексерілу кезінде тестке дейінгі және кейінгі кеңес берудің негізгі принциптері» бойынша АМСК және стационарлардың медициналық қызметкерлері арасында оқыту семинар-тренингі өтті.

SEM OLPP2АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық процессінің ағымдағы жағдайында, медициналық ұйымның түріне байланысты психо-әлеуметтік кеңес беруде озық, тиімді және қолайлы әдістердің қажеттілігі туындады.
Мамандар АИТВ жұқпасына тестілеу және кеңес беру, сондай-ақ стигма мен дискриминация тақырыбында маңызды сұрақтарды көтерді. Семинар барысында Астана қаласында 2016 жылдың 8 айында АИТВ-инфекциясының 133 жағдайы тіркелгенін, оның 30%-дан артығы басқа қаладан келгендерге, ал 69% жұмыс істейтін қызметкерлерге тиесілі екендігі аталды.
Материалдарды жақсы меңгеру үшін тренинг қызықты рөлдік ойындармен сүйемелденді.  
Сондай ақ,  ЖИТС орталығының дәрігерлері  «90-90-90»  жаңа стратегиясын жүзеге асыру  мақсатында тұрғындардың тексерілу масштабын кеңейту қажеттілігін еске салды: тұрғындардың 90%-ы өзінің АИТВ мәртебесін білуі тиіс, 2020 жылға қарай АИТВ-инфекциясы бар науқастар толығымен ем алатын болады, бұл өз кезегінде эпидемияның тоқтауына, стигма мен дискриминацияның азаюына және әлеуметтік шектеуге тосқауыл болады.
Семинар соңында бас дәрігердің орынбасары С.Мусина қатысушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және бұл жүйе ЖИТС орталығына енгеннен кейінгі медициналық көмек алу тәртібі туралы айтып берді.