Kazan22016 жылдың 26-27 қыркүйегінде ЮНЕЙДС еларалық кеңсесінің шақыруы бойынша Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері С.Абдраимов Казань қаласында (Ресей, Татарстан) өткен «Шығыс Европа мен Орталық Азиядағы көші-қон мәселелері.

Қазіргі заманғы сын-қатерлер, тәжірибе және инновация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Астана қаласында мигранттар арасындағы АИТВ-жұқпасының алдын алудың негізгі мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Конференция жұмысына 9 елдің өкілдері, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу және көші-қон саласында жұмыс атқаратын  жетекші ғалымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтары, мемлекеттік құрылымдар және халықаралық ұйымдары қатысты.
Қатысушылар көші-қон саясатының тұжырымдамасын, көші-қон саласындағы заңнаманы, қоғамдық денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон салауаттылығын қамтамасыз ету, мигранттарды әлеуметтік, мәдени бейімдеу және ықпалдастыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ, қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қонды қамтамасыз ету мақсатында  бейін білдірілді. Өз сөзінде, Астана қаласының ЖИТС орталығының басшысы  АИТВ инфекциясының таралуындағы көші-қон рөлін және эпидемияны тежеу мақсатында атқарылатын шараларды атап өтті, конференция қатысушыларымен еңбекші мигранттар арасындағы профилактикалық жұмыс бойынша  тәжірибесімен бөлісті. ЖИТС орталығының мигранттар арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша атқарылатын жұмысы Татарстан Денсаулық сақтау министрлігі және Ресейдің Федералдық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам саламаттылығын қадағалау қызметі тарапынан оң баға алды.

 Kazan