2016 жылдың 12 казанында Астана қаласы ЖИТС орталығының мамандары Д.Т.Бексултанова мен С.Р.Мауленбергенова «Аурика» ЖШС қызметкерлері арасында АИТВ/ЖИТС-тың берілу жолдары туралы және жұқтырудан қорғану тәсілдері жөнінде дәріс өткізді.
Мамандар қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Қатысушыларға ақпараттық білім беру материалдары және жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Іс шараға 58 адам қатысты.