A2 12016 жылдың 17-19 қазан аралығында ЖИТС орталығының мамандарымен АҚ «К-Дорстрой», ЖШС «Анвар», ЖШС «Trending Retail Group» және Жастар сарайының басшылары мен жұмысшыларына «Бизнес құрылымдар арасындағы АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары», «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі АИТВ-ның бизнеске әсері» тақырыптарында дәрістер өткізілді.

Дәрістер барысында тыңдаушыларға астанадағы АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары жайында егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды. Қатысушылар АИТВ/ЖИТС-тың емі мен тексеруден өту  бойынша сұрақтар қойды. Барлықтарына ақпараттық оқу және жеке қорғаныс құралдары таратылды. Дәрістермен 281 адам қамтылды.

A2