M001Астаналық денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық нысандардың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне даярлығын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық ЖИТС орталығына заманауи жылжымалы сенім пункті сатып алды.

   Аталмыш жылжымалы сенім пункті Mercedes Sprinter атты қолайлы автокөлігі негізінде арнайы тапсырыс бойынша жиналған және барлық заманауи және қауіпсіздік талаптарына сәйкестелген. Автокөліктің жұмыс орындары эргономикалық көрсеткіштерге, қауіпті топ өкілдерімен жұмыс жасау кезінде АИТВ-инфекциясын жұқтыру қауіпін сейілту ерекшеліктеріне сай жабдықталған. Автокөлік құрылымы екі маманның бір мезгілде қабылдау жүргізуіне  және АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу жүргізуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ, жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықпен, бактерицидтік шаммен жабдықталған,  қол жууға мүмкіндік қарастырылған, қысқы уақытта ауаны жылытатын, ал жазғы кезеңде ауаны салқындататын жүйемен жабдықталған, салонның ішкі беттері оңай залалсыздандырылады.
    Заманауи жылжымалы сенім пункті АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары қауіпті топтар – инъекциялық есірткі тұтынушылары мен жыныстық қызмет көрсететін тұлғалар арасында алдын алу шараларының тиімділігін және орталық қызметіне қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді. Әр адам мұнда шприцтер, мүшеқаптар және ақпараттық білім материалдарын алуына болады, мамандар әрбір келушіге АИТВ-ның алдын алу шараларын және жұқтыру қаупін азайту туралы жеке кеңестер, уақытында АИТВ-ға тестіден өту маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері, орталықтың профилактикалық  көмегімен 3095  инъекциялық есірткі тұтынушылары  және 1496 жыныстық секс қызметкерлері қамтылды.
M002

 M003