20161115 0933452016 жылы 15 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы кампаниясы шегінде Астана қаласының №5 қалалық емханасы, «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК мен «Шуақ» жастар денсаулық орталығы «Даналық» колледжінің студенттеріне және қала тұрғындарына Ашық есік күнін ұйымдастырып, және «Мен қолдаймын!#АИТВ-ның алдын алу! #АИТВ жұқпасына тесттен өт!» атты Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күніне арналған бірлескен акция өткізді.

Ашық есік күні №5 қалалық емханасында Астана қаласындағы АИТВ жұқпасының таралу мәселесіне қоғамның назарын аудару, жас ұрпақтың АИТВ жұқпасының сұрақтары бойынша ақпараттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында емхана залында тақырыптық видеороликтер трансляцияланды, АИТВ жұқпасына ерікті анонимді сауалнама және тестілеу жүргізілді, сондай-ақ ақпараттық-оқу құралдары және «#АИТВ жұқпасына тесттен өт» білезіктер таратылды. Ақпараттық-алдын алу іс-шарасымен 250-ден астам адам қамтылды. АИТВ-ға қан тапсырған адамдарға, тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі кеңес берілді. АИТВ жұқпасына тестілеуден 135-тен астам адам өтті. Дәрігерлер халықтың АИТВ-ның алдын алу мәселесі бойынша қырағылығын, белсенділігін және ынтымақтастығын атап өтті. №5 қалалық емхана аумағында 70 мыңнан астам халық тіркелген, осы жылдың 10 айында АИТВ-инфекциясына 6668 адам тестілеуден өткен.

 20161115 093345

 20161115 092957

 20161115 093339

20161115 092639