2016 жылдың 10 қарашасы күні Астана қ. МКҚК «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» қабырғасында еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектермен (ЕЖЕ) семинар-кездесу өтті. 

ЕЖЕ арасындағы аутрич қызметкерлермен олардың клиенттері шақырылды. Проблемалық мәселелер, ЕЖЕ арасындағы АИТВ-мен сырқаттанущылық сұрақтары талқыланды. Алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ақпарат алмасты.