2016 жылғы 17 қарашада Астана қаласы халыққа қызмет көрсету орталығының филиалында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында ЖИТС Орталығының мамандары тұрғындар арасында акция өткізді.
Аталмыш акцияның басты мақсаты АИТВ-инфекциясының мәселесіне жұртшылық назарын аудару, келушілерді және ХҚКО-ның қызметкерлерін АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу шараларымен таныстыру.
Акция барысында ЖИТС орталығының мамандары Айтмағанбетқызы Ж., Бексұлтанова Д. және психолог Изотова Н. Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын, алдын алу шараларын және қорғаныш тәсілдерін әңгіме және диалог түрінде айтып берді.
Келушілер қатарынан ниет білдіргендер АИТВ-инфекциясына жасырын және тегін экспресс-тесттен өтті. Ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар және «#АИТВ-инфекциясына тесттен өт» деген білезіктер) таратылды.
Іс-шарамен барлығы 300 адам қамтылып, АИТВ-инфекциясына тесттен 100 адам өтті.
Іс-шараның өтуі бойынша ақпарат Baq.kz ақпараттық порталында жарияланды: https://baq.kz/kk/news/kogam/astanada_zhitske_karsi_kures_ailigi_otip_zhatir20161116_202700