2016 жылы 18-28 қараша аралығында ЖИТС орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес күніне арналған айлық өткізу аясында, «Астана – медицина университеті» АҚ студенттеріне дәрістер циклі өтті.
Дәрістер барысында мамандар АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алуы және Астана қаласы бойынша АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып берді. Студентер мамандардың баяндамаларына қызығушылық танытып, тақырыптарды талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген сұрақтар қойды. Тақырып бойынша барлығына ақпараттық-оқу құралдары таратылды. Дәрістермен 112 студент қамтылды.