CON12016 жылы 23 қарашада Астана қаласының ЖИТС орталығының мамандары, Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы Кампания жүргізу шегінде, «Мен қолдаймын! АИТВ-ның алдын алу!» ұранымен Мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында акция өткізілді.
  
   

 Мамандырылған ХҚКО күніне мыңнан астам азаматтарды қабылдайды, соның негізінде акцияны дәл осында жүргізу туралы шешім қабылданды.
    Акция барысында қалаған қызметкерлер және келушілер дәрігерлерден АИТВ сұрақтары бойынша кеңес алып, АИТВ жұқпасына экспресс әдісімен  тексерістен өте алатын еді.
Іс-шарамен 400 адам қамтылды, соның ішінде 85 адам тестілеуден өтті. Барлығына кітапшалар, «#АИТВ жұқпасына тесттен өт!» білезіктер, қорғаныс құралдары таратылды.
    Іс-шараның өтуі бойынша ақпарат  Қазақстан телеарнасында жарияланды: https://kaztrk.kz/index.php/ru/a/15223

CON2