2016 жылы 29 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы Кампания аясында, Астана қаласының ЖИТС орталығының мамандарымен ұйымдастырылған Сауда-экономикалық колледжінің студенттеріне акция өткізілді.
Алдын алу акциясында, мамандар студенттерге АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары, диагностикасы және емі туралы айтып берді.
Акцияның қатысушылары викторинаға (15 сұрақтан тұратын) қатысып, дұрыс берген жауаптарына сыйлықтармен марапатталды.
Студенттерді әсіресе, «Видергебурт» НҚ-ның «Сенің қалауың!» көрсетілім пантомимасы қызықтырды.
Акцияда қалайтындар дәрігерден кеңес алып, АИТВ жұқпасына тегін, анонимді тестілеуден өтті. Әр студент ақпараттық оқу құрал және «#АИТВжұқпасынаТЕСТІЛЕУДЕНөт!» білезігін алды.
Іс-шарамен 148 адам қамтылды, тестілеуден 50 адам өтті.