4Астана қалалық ЖИТС орталығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында 2016жылдың 2 желтоқсанда қалалық № 6-ші емханаға қарасты «Жас Талап» жастар денсаулық сақтау орталығында жастар арасында акция ұйымдастырды.

№ 25,50,72 ОБО 10-11 сыныптарының оқушылары және Астана қаласы медицина колледжінің 2,3 курс студенттері би билеп, флешмоб ұйымдастырды. Дәрігер-эпидемиолог Д.Т. Бексұлтанова кампанияның мақсаты туралы айтып берді.
Іс-шараның басты мақсаты әр түрлі амал тәсілдермен жастарды АИТВ жұқпасынан сақтану жолдары туралы ақпараттандыру. Сондай-ақ мамандар әр қатысушыға ақпараттық білім материалдарын таратып, денсаулықтарын сақтап жүруге кеңес берді.
Акцияға жастар белсене қатысып, өз еріктерімен жедел тестіден өтіп АИТВ-ға қан тапсырды. Шараға қатысқан 80 адамның 30-ға жуығы жедел тестіден өтті.

5

3

1

2