Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы Кампания аясында, Қызыл Ай қоғамының қалалық комитетінің Астаналық бөлімшесінің қолдауымен, Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық акция жыл сайын ҚАҚ ҚКАБ-нан АИТВ жұқпасымен өмір сүретіндерге әлеуметтік қолдау мақсатында мейірімді дәстүрге айналды. 31 отбасы кең ассортименттегі өнім - тұрмыстық жиынтықтағы өнімдер мен шаруашылық - тұрмыстық тауарлар берілді.
ЖИТС орталығында АИТВ жұқпасымен есепте 690 адам тұр, оның 40%-да тұрақты жұмысы жоқ. Орталықтың науқастарына жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетілетінін айта кету керек. Сондай-ақ, тоқсанына 1 рет ақшалай жәрдемақы төленетіні қарастырылған.
Қалалық ЖИТС орталығы және ҚАҚ ҚКАБ, АИТВ жұқпасымен өмір сүретіндерге әлеуметтік көмек көрсетіп және олардың мүдделерін қорғауға бағытталған жұмысты жүргізуге ниетті.