IMG 38552016 жылы 15 желтоқсанда Астана қаласы ЖИТС орталығының мамандары мен «Жария» ҚҚ бірлесіп, «Шанхай» көтерме-бөлшек базарының жалға алушылар, сатышулар арасында АИТВ жұқпасының сұрақтары бойынша рейд өткізді.

Іс-шараның мақсаты - еңбек мигранттарының Үкіметтік емес ұйымдармен өзара арақатынасы және АИТВ жұқпасының сұрақтары бойынша ақпараттандыруды жоғарылату.
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісінің м.а. Ж.Айтмағанбетқызы, дәрігер эпидемиологтар Д. Бексұлтанова, А. Мухамедиев АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынды.
Барлығына ақпараттық-оқу құралдары таратылды. Іс-шарамен 168 адам қамтылды.