2017 жылғы 16-17 қантарда ЖИТС орталығының мамандары АҚ «№ 1 Автобус паркі» және ЖШС «Қазжол» «Максервис ЛТД» қонақ үйі қызметкерлеріне арнап АИТВ сұрақтары бойынша дәрістер өткізді.
Ұйымдастыру әдістемелік бөлімнің меңгерушісінің м.а. Ж. Айтмағанбетқызы және дәрігер эпидемиолог Д.Т. Бексұлтанова Астана қаласындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайы, алдын алуы және берілу жолдары туралы толық көлемде ақпарат ұсынды.
Тыңдаушылар белсенді сұрақтар қойды. Дәрігерлер АИТВ инфекциясының алдын алу, стигма және кемсітушіліктің басым бағыттағы сұрақтары бойынша кеңес берді. Барлығына ақпараттық-оқу құралдары таратылды. Іс-шарамен 103 адам қамтылды.