2017 жылғы 03 наурызда Астана қаласының Аймақтық кәсіпкерлер Палатасында ЖИТС орталығымен бірлескен кеңесі өтті. Кеңес барысында бизнес-құрылымы өкілдері арасында жүргізілген ақпараттық жұмыстың 2016 жылғы нәтижелері мен АИТВ-инфекциясы индикаторы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумның жыл сайынғы есебі талқыланды.
Кеңес қатысушылары одан әрі ынтымақтастықты қамтамасыз ете отырып, бизнес объектілері басшыларының ақпараттық деңгейін арттыруда бірлесіп жұмыс атқаруға және өзара қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
Кеңеске Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының экономикалық сұрақтар бойынша директор орынбасары А.А.Джунусов, адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ж.О.Байбосынов, бөлім маманы Ж.М. Рахматуллин, ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Б.Абдраимов, бас дәрігер орынбасары С.Б. Мусина және орталықтың бөлім меңгерушілері қатысты.