2017 жылы 12 мамырда Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күніне арналған «Өз АИТВ статусынды біл» акциясы «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ-да өтті.
Акцияның негізгі мақсаты - қоғамның АИТВ-ң таралу мәселесіне, АИТВ-мен өмір сүретін жандарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселесіне назарын аударту, ЖИТС құрбандарын еске ала отырып, адамдарға өз өмірлеріне бар жауапкершілікпен қарап, саналы өмір сүруіне, өзін және өз жақындарын қателер мен оғаш кездейсоқтардан сақтауға бағыт-бағдар беру.
Акция кезінде ЖИТС орталығының мамандары АИТВ жұқпасының берілу жолдары, алдын алуы, диагностикасы мен емі туралы айтып берді. Қалағандар АИТВ жұқпасына экспресс тестілеу әдісі арқылы тексеруден өтіп, кеңес алды. Іс-шара символикалық қызыл ленталар, ақпараттық кітапшалар және жеке қорғаныс құралдарын таратумен аяқталды. Барлығы 120 адам қатысты, АИТВ-ға 43 адам тестілеуден өтті.