kazut12017 жылғы 16 мамырда Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Қазақ технология және бизнес Университетімен және «Болашаққа қадам» ҚҚ-мен бірлесіп, Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай «Ұмытпа, есіңде сақта!» атты акциясын өткізді. 

Акцияға Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Акцияны ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Абдраимов ашты. ЖИТС орталығының мамандары қатысушыларға ЖИТС құрбандарын еске алу күнінің мақсатын, қызыл лентаның мағынасын және АИТВ-ның алдын алу шаралары жайлы айтып берді. 

Шара барысында жылжымалы зертханада АИТВ-ға экспресс-тест жасалынып, психоәлеуметтік кеңес берілді. Акцияда астананың қонақтары мен тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылды. ҚазТБУ-нің дизайн факультетінің студенттері қазіргі заманғы ұлттық киімдер моделін көрсетіп, танымал әндерді орындады. «Видергебурт» немістер қоғамының «Таңдау сізден» атты театрлық қойылымы қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Акция шегінде викториналық сұрақ-жауаптар ойнатылып, жастар АИТВ-ның алдын алу бойынша өздерінің жоғары білімдерін көрсетті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Қатысушыларға АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу тақырыбында ақпараттық-оқу құралдары таратылды.
Акцияның соңы ЖИТС құрбандарына естелік ретінде қызыл шарларды аспанға шашумен аяқталды. 
Іс-шара Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен өткізілді. Акцияға 500 адам қатысып, оның ішінде 170 адам АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары бойынша кеңес алды, қатысушылардың көбісі 18 жасқа толмағандықтан, тек 81 адам тестілеуден өтті. Акция қатысушылары АИТВ жұқпасына қарсы тұруға, алдын алу шараларын сақтауға, АИТВ жайында өзі және достары мен таныстарына айтуға дайын екендігін білдірді. 
Акция «Қазақстан» ұлттық телеарнасында, республикалық саяси «Литер» газетінде және ақпараттық агенттіктерде жарыққа шықты.

 

kazut2

 

kazut3

kazut4