18 мамыр 2017 жылғы Астана қаласының ЖИТС Орталығында ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері үшін баспасөз – конференциясы өтті.
Іс - шараның басты мақсаты – АИТВ/ЖИТС-тың таралуына қоғам назарын аударту, АИТВ-жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау және құқықтарын сақтау, стигма және кемсітушілікті болдырмау.
ЖИТС Орталығының бас дәрігері С.Б. Абдраимов өткізілген іс-шаралар мен АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай таныстыра кетті. ЖИТС Орталығының мамандары АИТВ-жұқтырғандар туралы статистикалық мәліметтерді және ретровирусқа қарсы ем туралы сөз қозғады.
С.Б. Абдраимов бұқаралық ақпарат құралдарын халықты үрейлендіретін хабар таратудың орнына, АИТВ-инфекциясы жайлы тек шынайы ақпарат беріп, алдын алу жолдарының маңыздылығын насихаттауға шақырды.
Баспасөз конференциясының соңында түрлі емдеу, АИТВ-инфекциясын жұқтырғаны үшін жауапкершілік, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек сұрақтары талқыланып, қатысушыларға мардымды жауаптар берілді.
Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тілшілер, журналистер, республикалық және қалалық газеттер "Астана Ақшамы", "Вечерняя Астана", "Айқын", "Түгел", "Есіл" және радио "Шалқар", радио "Астана", Bag.kz, Inform.kz өкілдері қатысты.