ЖИТС орталығының мамандары «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбы аясында ірі және орта бизнес объектілерінің басшылары мен қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. «Мега Строй» ЖШС, «Лея» ЖШС, «ТРЭЙД Стандарт» железнодорожные перевозки» ЖШС әкімшілігі мен қызметкерлеріне семинарлар мен дәрістер өткізілді.
Мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы және МӘМС қызметі бойынша, әлеуметтік аударым мәселелері, емханаға тіркелу және басқа да сұрақтар төңірегінде сөз қозғады. Сонымен қатар бизнес құрылымдары басшыларымен бәсекеге қабілеттіліктің жаhандық индексінің (БҚЖИ) индикаторы бойынша сауалнама өткізілді. Іс-шараларға қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар) таратылды. Іс-шараға - 340 адам қатысты.