Астана қаласы әкімдігінің ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбы бойынша қала тұрғындарының ақпараттандыруын арттыру мақсатында жаңа жарнамалық науқан бастады. Қаланың түрлі тұрғын үй кешендерінде 2000-ға жуық лифттердің ақпараттық тақталарында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша көрнекі жадынамалар орналастырылды. Жадынамалар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы толық ақпаратты қамтиды. Осылайша дәрігерлер қаланың түрлі аудандарында тұратын 200 000-нан астам тұрғындарды қамтуды жоспарлап отыр.