29062017 жылғы 25 маусымда Астана қаласының ЖИТС орталығы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп «Жастар» сарайында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай  жалпы қалалық акцияға қатысты. Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында есірткі пайдалану зардаптары туралы хабардарлықты арттыру, психоактивті заттарды қолданудың өрескел имиджін қалыптастыру.

Акция аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Денсаулық қалашығы" ұйымдастырылып, ЖИТС орталығының мамандары, дәрігер-нарколог, психолог және дәрігер-дерматовенерологтар кеңес берді. Іс-шараға қатысушылар АИТВ-инфекциясына экспресс-тесттен өтуге мүмкіндігі болды. Акцияға қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары, буклеттер, брошюралар таратылды. АИТВ-ға барлығы – 36 адам тесттен өтті.
  290617