2017 жылғы 30 маусымда Астана қаласы денсаулық сақтау Басқармасының 28.06.2017ж. № 37-ө бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерін дайындау және медициналық ұйымдарда персонал мен пациенттердің АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу мақсатында, ЖИТС Орталығында дәрігер-эпидемиологтар және АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша медициналық ұйымдардың жауапты мамандары, денсаулық сақтау Басқармасына бағынысты ведомстволар арасында семинар өтті.
Сондай-ақ, семинарға Республикалық клиникалар эпидемиологтары да қатысты. АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Аймагамбетова И.Б., диагностикалық зертхана меңгерушісі Нугманова Л.С., инфекционист-дәрігер Абилова Л.З., эпидемиолог-дәрігер Рахимбаева З.Б. өз презентацияларын ұсынды. Мамандар назарына Астана қаласы және ҚР бойынша эпидемиологиялық ахуал, АИТВ індетінің даму тенденциялары, медициналық мекемелерде АИТВ-инфекциясының адын алу бойынша дәрігер-эпилемиолог жұмысын ұйымдастыру, тұрғындарды АИТВ-ға тестілеуді ұйымдастыру, преаналитакалық кезеңнің сапасын қамтамасыз ету, байланыстан кейінгі алдын алуды ұйымдастыру тактикасы сұрақтары ұсынылды.
Мамандар арасында өзекті мәселелер бойынша екі жақты пікір алмасу өтті. Семинарға қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің қажеттілігі мен ЖИТС Орталығы мамандарының АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша өткізетін ұйымдастыру-әдістемелік көмектің маңыздылығын атап өтті. Семинарға барлығы - 45 дәрігер қатысты.