2017 жылғы 1 шілдеде Астана Күнін мерекелеу іс-шарасы аясында Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, "Алматы" ауданы әкімдігімен және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, "Сарайшық" тұрғын үй кешенінде "Дені сау аула" атты акция өткізді.
Іс-шарада қала тұрғындары спорттық жарыстарға қатысып, концерттік нөмерлер тамашалады. ЖИТС орталығының мамандары тұрғын үй кешені тұрғындарын АИТВ/ЖИТС-тың негізгі ұғымдарымен, алдын алу шараларымен, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде қажетті ақпаратпен таныстырды. Кез-келген адам АИТВ-инфекциясына жедел-тесттен өтуге мүмкіндігі болды. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары, брошюралар, парақшалар таратылды. Іс-шарамен барлығы – 450 адам қамтылды, АИТВ-инфекциясына – 51 адам тесттен өтті.