IMG 5027Астана қалалық ЖИТС Орталығының мамандары, Астана қаласы Сарыарқа ауданының мемлекеттік кірістер Басқармасымен бірлесіп, 2017 жылғы 18 шілдеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес "Deloitte" ЖШС ұжымымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің басты мақсаты – ұжымға еліміздегі мемлекеттік МӘМС жүйесінің кезең-кезеңімен енгізілуі, жүйеге қатысу ережелері және сақтандырудың негізгі принциптері туралы түсіндіру.
ЖИТС Орталығының спикері, МӘМС оқуынан өткен, дәрігер-психолог Н.Изотова "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу" туралы баяндама жасап, медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі ережелерімен таныстырып өтті.
Іс-шараға барлығы – 27 адам қатысып, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.



IMG 5025