«Торғай», «Сұңқар», «Portofortuna» мейрамхана-қонақ үй комплекстерінде мемлекеттік міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және АИТВ жұкпасының алдын алу сұрақтары қаралды.
Мамандар МӘМС жүйесін кезең-кезеңімен енгізу туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, АИТВ жұқпасы бизнеске әсерін тигізбейтінін және біздің елімізде АИТВ-жұқпасы төмен деңгейде тұрғанын, экономика мен сапалы бизнес жүргізуіне ықпал тигізбейтінін атап өтті.
Бизнес-құрылым басшылары мен жұмысшыларына ақпараттық-білім беру материалдарын таратып, АИТВ жұқпасының берілу жолдары, алдын алу туралы білімдерін анықтауы бойынша сауалнама жүргізді. Барлығы – 71 адам қамтылды.