DSC00279Астана қалалық ЖИТС орталығында денсаулық сақтау Басқармасының бастамасымен 2017 жылғы 27 шілдеде Астана қаласының Ішкі істер Департаменті, ҚР ДСМ ҚДСК Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті, Наркология және психотерапия орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Болашаққа қадам» қоғамдық қорымен бірлескен ведомствоаралық мәжілісі өтті.

Мәжілісте инъекциялық есірткі тұтынушылары арасында АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және нашақорлықтың таралуының алдын алу шаралары талқыланды. Іс-шараның мақсаты АИТВ індеті мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылда ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту болып табылады. Мәжіліс соңында қатысушылар АИТВ-жұқпасының парентеральды жолмен таралуының алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының жобасын талқылады. Барлығы – 20 адам қатысты.

 

 DSC00267

DSC00282

DSC00279