2017 жылы 3 тамызда ведоствоаралық іс-қимыл шегінде, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен Наркология және психотерапия орталығының қатысуымен, «АИТВ жұқпасының парентеральды жолмен берілуін алдын алу және синтетикалық есірткінің жаңа түрлерін пайдалану натижесіндегі нашақорлық» тақырыбында Астана қаласының Ішкі істер департаментінде семинар өтті.
Осы іс-шараның мақсаты ІІД қызметкерлерін есірткі заттардың қолдану салдары және тұрақты тәуелділікті тудыратын есірткі тәрізді психоактивті заттардың «Тұздардың» жасырын іске асырылу әдістері туралы хабардар ету.
Семинарда әр түрлі бөлімшелердің (Наркобизнеске қарсы басқарма, Есіл, Сарыарқа және Алматы аудандарының жергілікті полиция қызметкерлері) 120 ІІД қызметкерлері қатысты.