IMG 20170817 WA00012017 жылы 14-15 тамызда ЖИТС орталығының мамандарымен бірқатар алдын алу іс-шаралар: «Ұлжан» базарының жалға алушыларына «Жұмыс орнында АИТВ мәртебеңді біл» экспресс-тестілеу бойынша акция, және «Көк базар» базарының, «Шарм М» сұлулық салонының, «Калинка» жиһаз дүкенінің, «Технопарк» БО-ның, «Маржан» БО-ның, «Реал» қонақ үйінің, «Аурика» ЖШС жұмысшыларына дәрістер өткізілді.

Іс-шаралар барысында, мамандар Астана қаласындағы АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып, АИТВ жұқпасының берілу жолдары, жұқтырудың алдын алу шаралары, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің тиімділігі жайында түсіндірді.
Барлық қатысушыларға көрнекі құралдар - кітапшалар, плакаттар мен жеке қорғаныс құралдары таратылды. Іс-шаралармен-315 адам, тестілеумен-60 адам қамтылды.


20170815 112606
20170815 112215