2017 жылы 16 тамызда ҚР ДМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы және Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен, қаланың ЖИТС орталығы және қалалық емханалардың қатысуымен, «Өз денсаулығың өз қолыңда» акциясы өтті.
Акция шегінде, «Евразия» және «Керуен» СОСО-да «Денсаулық қалашықтары» ашылып, келушілер әр түрлі мамандардан түрлі сұрақтар бойынша тегін кеңес ала отырып, тексеріле алды. Қалағандар АИТВ жұқпасын, дене салмағының индексін, бой мен салмағын, қан қысымын анықтай алды.
Акция кезінде АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша кеңес алған және тестілеуден өткен - 62 адам.