2017 жылы 19 тамызда «Алматы» ауданы әкімдігінің, қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, ҚР Конституция Күні мен Ұлттық Отбасы күніне орай, ЖИТС орталығының қатысуымен, «Ардагерлер ұстанымы - салауатты өмір!» акциясы өтті.
Акция кезінде, «Жерұйық» саябағының алаңында «Денсаулық қалашығы» жұмыс жасады. Қалағандар тегін медициналық көмек: АИТВ жұқпасына, дене салмағының индексін, бой мен салмағын, қан қысымын тексеріп анықтай алды.
Акциямен - 700 адам, АИТВ жұқпасына тестілеумен – 40 адам қамтылды