IMG 20170906 WA000605.09.2017 ж. Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес  орталығының конференц-залында АИТВ-жұқпасына тексерілу туралы семинар өткізілді. Семинарға «Олимп» клиникалық–диагностикалық зертханасының координаторлары, медбикелері, менеджерлары, медициналық тіркеушілері қатысты.

АИТВ-жұқпасына тексерілгендерді тіркеу сапасын жақсарту мақсатында, АИТВ-жұқпасына конфиденциалды медициналық тексерілудің ережелерінің сақталуы, тесттілеу алдында және соңында кеңес беру, тексерістің қорытындысы шығу, ЖИТС орталығының зертханасына уақытында қан сарысуын жеткізу туралы сұрақтар талқыланды. Донорлардан алынған биоматериалды АИТВ-жұқпасына тексеру үшін қан орталығына жолдау қажеттілігіне назар аударылды.
Семинар соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар сұрақ-жауаптармен алмасты, сонымен бірге міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі принциптері туралы пікір алысты.



IMG 20170906 WA0007