2017 жылы 6 қыркүйек Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің және Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Өз денсаулығың өз қолыңда» акциясы өтті.
Келушілерге буклеттер мен брошюралар таратылды.Акция шегінде, «Хан Шатыр» сауда ойын сауық орталығында келушілер АИТВ-жұқпасына тегін тексеріле алды. Акциямен 150 адам қамтылды, сонымен қоса АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша кеңес алған және тестілеуден өткен - 40 адам.