Республикалық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен өткізілген шара «АИТВ - жұқпасының алдын алу тақырыбында тұрғындар арасында жұмыс бойынша жаңа тәсілдер және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тиімді пайдалану» тақырыбына құрылды.
Шараның мақсаты БАҚ пен орталық қызметкерлерінің арасында тығыз байланыс орнату. ЖИТС - тің алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстарды БАҚ және әлеуметтік желілерге орналастыра білу. Белгілі тренер М.Максимовнаның айтуынша «Елімізде қоғам, тұрғындардың көбі дерлік кез-келген ақпаратты БАҚ өкілдерінен алады. Сол себепті біз әр ақпаратымызға мұқият қарап, оның әділ әрі шынайы-нақты екеніне үнемі көз жеткізіп отыруымыз керек» - деді. Журналистер бұл пікірмен келісе отырып өз ара тәжірибе алмасып, болашақта тығыз байланыста болатындарын атап өтті.