2017 жылғы 7 қыркүйекте ЖИТС орталығының мамандары «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Мақсат» Астана бетон комбинаты ЖШС жұмысшыларына дәрістер өткізді.
Іс-шаралар барысында, мамандар Астана қаласындағы АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып, АИТВ жұқпасының берілу жолдары, жұқтырудың алдын алу шаралары, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің тиімділігі жайында түсіндірді.
Барлық қатысушыларға көрнекі құралдар - кітапшалар, плакаттар мен жеке қорғаныс құралдары таратылды. Іс-шаралармен-349 адам қамтылды.