IMG 55532017 жылы 09 қыркүйекте "Денсаулық" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана қаласының "Триатлон" саябағында  "Денсаулық Фестивалі – 2017" Республикалық акциясы өтті. Акцияны ұйымдастырушылар Астана қаласының денсаулық сақтау Басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы.

Іс – шараның басты мақсаты – гиподинамия мәселесіне назар аудару, сондай-ақ тұрғындарды белсенді өмір салтын жүргізуге ынталандыру. "Жүру Марафоны", қашықтығы 2 км жаппай жүгіру, сонымен қатар, Олимпиада чемпиондары Б.Артаевпен және С.Сәпиевпен жаппай жаттығулар өтті. Джиу-джитсу стилі бойынша көрсетілімдер, скандинавиялық жүрістен мастер-класстар,  қарттар жаттығулары және мерекелік концерт болып өтті. Жаппай жүгіруге ЖИТС Орталығының командасы белсене қатысып, ұйымдастырушылар атынан алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шара аясында саябақ аумағында "денсаулық Қалашығы" ұйымдастырылып, онда барлық қалаушылар АИТВ-инфекциясына экспресс-тестіден өтіп, дәрігер кеңесін алуға мүмкіндігі болды. Акцияға 500 адам қатысып, оның ішінде 30-дан астамы экспресс-тестілеуден өтті.

IMG 5548


  IMG 5559