2017 жылы 06 қыркүйекте жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін түсіндіру жұмыстары аясында, ірі және орта бизнес басшылары мен қызметкерлерінің білімін арттыру мақсатында Астана қаласының ЖИТС Орталығының мамандары «Қазмұнайгаз» АҚ-да «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» тақырыбында дәріс өткізді.
Мамандар Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын, алдын алу шараларын түсіндіріп берді. Сондай-ақ, кәсіпорын басшылары арасында ЖБҚИ жөнінде сауалнама жүргізіліп, іс-шараға қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар) таратылды. Дәріске – 200 адам қатысты.