2017 жылы 12 қыркүйекте Республикалық «Шалқар» радиосының «Денсаулық» бағдарламасының тікелей эфирінде, ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы З.Рахимбаева «АИТВ-инфекциясы және алдын алу шаралары» тақырыбында сөз қозғады.
Бағдарлама барысында Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы мен алдын алу сұрақтары қарастырылды. Сонымен қатар, радиотыңдармандар тарапынан АИТВ-ның диагностикасы, клиникасы және емі туралы, АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен таралуының, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу бойынша өзекті сұрақтар келіп түсті. Журналист пен радиотыңдаушыларының барлық сұрақтарына жауаптар берілді.