2017 жылдың 14-15 қыркүйегінде «Тенгри», «Абсолют», «Аланда», «Султан Бейбарыс», «Ibis», «Travel inn», «Акжайық» отелдерінде ЖИТС орталығының мамандары Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ-жұқпасының алдын алу туралы ақпараттар берді.
Тыңдаушылар дәріске белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, қызықты сұрақтар қойды. АИТВ/ЖИТС туралы білімдерді тасымалдайтын кітапшалар мен үнпрақтар, сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Дәріске қатысқандар 202 адам.