2017 жылы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «АИТВ/ЖИТС, туберкулездің алдын алу, емі жөнінде халықтың, атап айтқанда бизнес-құрылымдарының хабардарлығын арттыру, сырқаттану көрсеткіштерін, стигманы азайту және Қазақстанда АИТВ/ЖИТС, туберкулездің бизнеске ықпалы - бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту» әлеуметтік жобасы аясында «Медициналық қызметкерлерге құқықтық көмек» Республикалық қоғамдық ұйымымен, Астана қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерімен бірлесіп, Астана қаласының ЖИТС орталығының мамандары «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес қауымдастығына арнап семинар өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты бизнес құрылым басшыларының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, соның ішінде «АИТВ/ЖИТС пен туберкулездің бизнеске ықпалы» көрсеткіші жөнінде хабардарлығын арттыру.
АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Аймагамбетова И.Б. іс-шараға қатысушыларды АИТВ-инфекциясының әлемдегі, еліміздегі және Астана қаласындағы эпидемиологиялық ахуалымен таныстырды. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының бизнеске әсері және ДЭФ ЖБҚИ еліміздегі рейтингі жөнінде айта кетті.
Барлық қатысушыларға ақпаратттық білім беру материалдары және «АИТВ-инфекциясыз Қазақстан» жадынамалары таратылып, сауалнама жүргізілді. Барлығы іс-шараға 40 адам қатысты.